Skip to content

ЕҚТА арасындағы ынтымақтастық: тәжірибе алмасу 2026 жылдың 28 қаңтар күні…

ЕҚТА арасындағы ынтымақтастық: тәжірибе алмасу

2026 жылдың 28 қаңтар күні «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының қызметкерлері Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тәжірибе алмасу мақсатында арнайы сапармен келді.

Кездесу барысында ұлттық парктің атқарып жатқан жұмыстары таныстырылып, туристік бағыттар мен инфрақұрылымдық нысандар көрсетілді. Табиғатты қорғау, туризмді дамыту бағытында өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Мұндай кездесулер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайта түспек.