ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ БИОТЕХНИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
✅Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілінде жабайы жануарларды қорғау мақсатында биотехникалық іс-шаралар, яғни қосымша қоректендіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
✅Қыс мезгілі – жабайы жануарлар үшін ең қиын кезең. Қалың қар мен аяз табиғи азық көздерін азайтып, жануарлардың тіршілігіне қауіп төндіреді. Осындай сәтте қосымша қоректендіру жұмыстарының маңызы зор.









