Skip to content

«ҚЫСТА ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ!» экологиялық акциясы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи…

«ҚЫСТА ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ!» экологиялық акциясы

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Қыста құстарға қамқор болайық!” атты экологиялық акция өткізді. Аталмыш іс-шараға №1 Шонжы орта мектебінің оқушылары қатысты.

✅Акцияның мақсаты — қыс мезгілінде құстарды қорғау мен қолдаудың маңызын түсіндіру;
✅оқушылардың бойында экологиялық мәдениет қалыптастыру;
✅табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін арттыру;
✅қоршаған ортаны қорғауға деген белсенді азаматтық көзқарасты дамыту.

Қыс — құстар үшін ең қиын кезең. Осы уақытта жасалған әрбір қамқорлық, бір уыс дән мен бір жем салғыш — тіршілік иелерінің аман қалуына үлкен үлес қосады