Қыс мезгілінде де табиғат өзінің ғажайып сұлулығын жоғалтпайды. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өсетін Іле бөріқарақаты (барбарис илийский) — соның айқын дәлелі.
Жапырақтары түсіп, бұтақтары жалаңаш қалғанымен, қып-қызыл жемістері қыстың ақ қарында да ерекше көз тартады.
Іле бөріқарақаты — сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген, ерекше қорғауға алынған өсімдік
Қысқы Шарын — тек шатқалдарымен емес, осындай нәзік те төзімді өсімдіктерімен де ерекше! ✨


