Skip to content

Фототұзақ кадрларына тіркелген жабайы табиғаттың сирек сәттерінің артында кімдердің еңбегі…

Фототұзақ кадрларына тіркелген жабайы табиғаттың сирек сәттерінің артында кімдердің еңбегі бар?

📸Жабайы табиғаттың ең қызықты әрі сирек көріністерін біз көбіне фототұзақтар арқылы тамашалаймыз.

🐺Сирек кездесетін жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігі, олардың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы – барлығы осы шағын құрылғылардың көмегімен тіркеледі. Алайда сол бір ерекше кадрлардың артында үлкен еңбек, төзім және табиғатқа деген шынайы жанашырлық жатқанын көп адам біле бермейді.

📗Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған фототұзақтар – ғылыми бақылау мен табиғатты қорғау жұмыстарының маңызды құралы. Бұл құрылғыларды орнату, тексеру және алынған деректерді өңдеу ісімен ұлттық парк инспекторлары мен Ғылым бөлімінің мамандары айналысады.

🏔️Фототұзақты орнату – жай ғана камераны бекітіп кету емес. Алдымен мамандар жануарлардың жүретін соқпақтарын, суаттарды немесе ықтимал мекендеу орындарын зерттейді. Сол жерлерді дәл таңдап, камераны табиғат жағдайына төзімді етіп орналастыру қажет. Осындай еңбектің нәтижесінде біз табиғаттың жасырын әлемінен хабардар боламыз.