Skip to content

🌍«ПАРКТЕР ШЕРУІ-2026» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы Шарын мемлекеттік…

🌍«ПАРКТЕР ШЕРУІ-2026» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі–2026» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы іс-шара «ЖАСЫЛ НАУРЫЗ» тақырыбымен ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар мен табиғатқа деген жанашырлықты бір арнада тоғыстырды.

Наурыз мерекесінің аясында өткен бұл игі бастама ұлттық киім күнімен үйлесіп, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Табиғатты аялау мен ата-баба дәстүрін ұлықтау қатар өріліп, мазмұнды мәдени-экологиялық мерекеге айналды.

🌱 Іс-шара барысында:
– ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, балабақша бүлдіршіндері және ұлттық парк қызметкерлері бірлесе шеру жасап, табиғатты қорғау идеясын кеңінен насихаттады;
– ауыл аумағына 300 түп ағаш көшеті отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;
– тұрғындар, жастар мен түрлі ұйым өкілдері ортақ іске жұмылып, жоғары белсенділік танытты;
– табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бастама – тек көгалдандыру шарасы ғана емес, ұрпақ сабақтастығын жалғайтын, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды қадам. Жастарға ұлттық дәстүрді дәріптей отырып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау үлгісі көрсетілді.

🌍 «ЖАСЫЛ НАУРЫЗ» – табиғатқа жанашырлық пен ұлттық рухтың үйлесімі.
Бірлік пен берекенің бастауы болған бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.