ЖАҢАРУ КҮНІ – ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы “Жаңару күніне” орай игі іс-шара өткізді. Ұлттық парк қызметкерлері “Шонжы политехникалық колледжінің” студенттерімен бірлесе отырып, ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды.
Бұл бастама – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желекті көбейтуге бағытталған маңызды қадам. Бірлесе атқарылған еңбек барысында қатысушылар табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетіп, таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Әр отырғызылған көшет – жаңарудың, жаңа өмірдің бастауы.
Жаңару – әрқайсымыздан басталады!