Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Алматы облысы Төтенше…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен және Қонаев қаласының жедел құтқару жасағымен бірлесіп, “Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары” туристік бағытында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында туристерге қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндіріліп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді. Сонымен қатар, ұлттық парк аумағында өзін ұстау мәдениеті, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.