Skip to content

Ұлттық парк аумағында туристік маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. “Шарын шатқалы…

Ұлттық парк аумағында туристік маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

“Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары” туристік бағыты бойынша демалушыларға арналған аялдау орындары орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, “Ерен тоғайы” бағытында орналасқан коттедждерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы парк аумағында туристік инфрақұрылымды дамыту, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жоспарланған.

Атап айтқанда, “Шарын ерен тоғайы” бағытында бейнебақылау камераларын орнату, аумақты қоршау, сондай-ақ инженерлік жүйелерді жаңғырту көзделуде. Бұдан бөлек, “Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары” бағыты бойынша санитарлық тораптарды орталықтандырылған су жүйесіне қосу жоспарлануда.

“Темірлік – Кіші шатқал” туристік бағыты бойынша санитарлық нысандарды жаңарту, күркелер орнату және ақпараттық тақталар мен бағыттаушы белгілерді орнату жұмыстары жүргізіледі.