Skip to content

Көктемнің келуімен ұлттық парк аумағында табиғат қайта жанданып, өсімдік жамылғысы…

Көктемнің келуімен ұлттық парк аумағында табиғат қайта жанданып, өсімдік жамылғысы ерекше құлпыра түсті. Аумақ сан алуан гүлдерге оранып, табиғи ландшафттың көркемдігі айқын байқалуда.

Шарын ұлттық паркі – флоралық әртүрлілігі жоғары ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мұнда 915-ке жуық жоғары сатыдағы өсімдіктер түрі тіркелген.

Осы орайда, келушілерді табиғатты қорғау талаптарын сақтауға, өсімдіктерді жұлмауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз!