Skip to content

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары және орман өрт…

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары және орман өрт сөндіру станциясының қызметкерлері дене шынықтыру даярлығы бойынша бақылау нормативтерін тапсырды.

Сынақ барысында қызметкерлер өздерінің физикалық дайындығын, төзімділігі мен күш-қуатын көрсетті. Мұндай шаралар қызметкерлердің кәсіби қабілетін арттырып қана қоймай, орман өрттерін сөндіру кезіндегі жедел әрі тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Табиғатты қорғау – тек білім мен тәжірибені ғана емес, мықты денсаулық пен жоғары дайындықты талап етеді.