📋Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ғылыми-техникалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында 2025 жылғы табиғат жылнамасы жан-жақты қаралып, жыл бойы жүргізілген бақылау жұмыстарының қорытындылары талқыланды.
📊Атап айтқанда, парк аумағындағы табиғи үдерістерге кешенді талдау жасалып, экожүйенің қазіргі жағдайына бағалау берілді. Ғылыми қызметкерлер мен мамандар флора мен фаунадағы өзгерістерді, климаттық факторлардың әсерін және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы атқарылған жұмыстарды ортаға салды.
📈Сонымен қатар, кеңес отырысында алдағы кезеңге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары айқындалып, мониторинг жүйесін жетілдіру, деректерді жинау мен талдау сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Табиғатты қорғау және тиімді басқару мақсатында бірқатар нақты ұсыныстар мен жоспарлар бекітілді.
Кеңес қорытындысы бойынша, парк аумағында ғылыми жұмыстарды одан әрі дамыту, экожүйені сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстарды күшейту туралы шешім қабылданды.