Skip to content

Ақсары (Жамансары Buteo buteo) – Қазақстанда кең таралған жыртқыш құс.…

Ақсары (Жамансары Buteo buteo) – Қазақстанда кең таралған жыртқыш құс.
🐦 Орташа көлемді жыртқыш құс, дене ұзындығы: 50–60 см, қанат жайымы: 110–130 см, түсі: қоңыр, сарғыш немесе ала-құла (түсі өте өзгермелі).
🌍 Шарын ұлттық табиғи парктің барлық аумағында кездеседі.

Ақсары тышқандармен, қосаяқтармен, кесірткелер, ұсақ құстар және ірі жәндіктермен қоректенеді.
Кейде өлексемен де қоректенуі мүмкін.
Ұясын ағаш басына немесе жартастарға салады. Көбіне 2–4 жұмыртқа басады. Балапандары шамамен 1–1,5 айда ұша бастайды.

🌱 Экожүйедегі маңызы:
-Кеміргіштер санын азайтады
-Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жануарларды жояды
-Табиғи тепе-теңдікті сақтайды

Обыкновенный канюк (Buteo buteo) — хищная птица, широко распространённая в Казахстане.

🐦 Хищная птица среднего размера, длина тела: 50–60 см, размах крыльев: 110–130 см, окраска: коричневая, жёлтая или пятнистая (окраска очень изменчива).

🌍 Встречается на всей территории Чарынского национального парка.

Канюк питается мышами, полевыми мышами, ящерицами, мелкими птицами и крупными насекомыми.
Иногда может также питаться падалью.
Строит гнездо на верхушке дерева или на скале. Обычно откладывает 2–4 яйца. Птенцы начинают летать примерно через 1–1,5 месяца.