Қауіпсіздік пен табиғатты қорғау – басты назарда
🦌Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жол бойына арнайы «Жабайы жануарлар өтеді» деген ескерту белгілері орнатылды.
📍Бұл белгілердің басты мақсаты – көлік жүргізушілерін сақтыққа шақырып, жолдан өтетін жануарларды қорғау. Әсіресе көктем-күз мезгілдерінде жануарлардың көшу (миграция) кезеңі басталып, олар бір мекеннен екіншісіне жиі қозғалады. Осындай сәттерде жол-көлік оқиғаларының алдын алу өте маңызды.
🚗 Жүргізушілерге үндеу!
Жол белгілеріне мән беріңіз!
– Жылдамдықты төмендетіңіз
– Қараңғы уақытта ерекше сақ болыңыз
✅Табиғат – бәрімізге ортақ байлық. Жабайы жануарлардың еркін қозғалысына кедергі келтірмей, оларды бірге қорғайық!


