📌«Адал қызмет – сапалы туризм кепілі» тақырыбында қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Туристік маусым қарсаңында ұлттық парктің туристік аумағында қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызмет көрсету сапасын арттыру және келушілерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
Ұлттық парк аумағына келетін әрбір турист үшін ашықтық, тазалық және жоғары қызмет көрсету мәдениеті басты басымдық болып табылады. «Адал қызмет – сапалы туризм кепілі» қағидасы әр қызметкердің күнделікті жұмысында көрініс табуы тиіс.