Skip to content

🌍 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай экологиялық акция…

🌍 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне орай экологиялық акция ұйымдастырылды

22-ші сәуір күні Сүмбе ауылында орналасқан “Оқушылар үйінде” Жер күніне арналған экологиялық акция өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту болды. Акция барысында қатысушыларға Жер-Ананы қорғау мен сақтаудың маңызы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, туған жерге деген ықыластары мен құрметтерін әсем әндер мен жүрекке жетер жырлар арқылы жеткізді. Бұл – жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасының айқын көрінісі болды.

🌱 Шара соңында ұлттық парк қызметкерлері мектеп оқушылары және ұстаздармен бірлесе отырып, білім ордасының аумағына 100 дана көшет отырғызды.

Жер-Ананы қорғайық !