🎨1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ашық аспан астында, табиғаттың құшағында ерекше әсерлі сәттерге толы “Туған өлкемнің табиғаты” атты сурет байқауы өтті.
⛰️Шарын ұлттық паркінің қызметкерлері Үлкен Ақсу орта мектебінің оқушыларымен бірге туған жердің әсемдігін қылқалам арқылы ақ параққа түсіріп, табиғаттың сұлулығын жүрекпен сезінуге мүмкіндік алды. Әрбір сурет – балғын қиял мен туған өлкенің көркем келбетінің үйлесімі.
✅Бұл шара тек өнер байқауы ғана емес, жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін оятқан маңызды сәт болды. Табиғат аясында өткен осындай игі бастамалар – болашаққа деген жарқын қадам 🌿🎨


















