🔰Алматы облысында 1–3 мамыр аралығында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында туристік бағыттарда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде демалыс аймақтарынан 760 тоннадан астам қоқыс жиналып, игі іске 39 мыңға жуық тұрғын белсене атсалысты.
🔰Қаскелең шатқалында өткен қорытынды шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев тазалық акциясына ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдарды марапаттады.
✅Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі облыс әкімінің алғысына ие болып, “Ең белсенді ұжым” номинациясымен марапатталды. Бұл – ұлттық парктің табиғатты қорғау жолындағы жүйелі еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің айқын көрінісі.





