Skip to content

Ұлттық парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек өсімдік…

Ұлттық парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек өсімдік — Іле бөріқарақаты гүлдеуде.

Бұл өсімдік Іле өңірінің эндемигі болып табылады және табиғаттың ерекше құнды мұраларының бірі саналады.

Іле бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) —бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта. Мамыр айында гүлдеп, шілде-тамыз айларында жеміс береді.