09.04.2024 жылы ”Парктер шеруі-2024” табиғатты қорғау акциясының жоспарына сәйкес, Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары “Жаяу туризм” оқушылар клубының мүшелерімен бірге Шарын ерен тоғайына экскурсия ұйымдастырды.
Акция барысында оқушылар жасы 300 жылдан асқан алып “Ақсақал ағашымен” танысты.Келуші туристер қызыға қарайтын алып ағаштың биіктігі 25-30 метрге жетеді.Бұл жерге аяқ басқан жан айналадағы тылсым табиғат көрінісінен ғажайып әсер алып қайтары сөзсіз!
Акция барысында мемлекеттік инспектор Нұрсұлтан Альдибек оқушыларға Ерен тоғайы жайлы мағұлматтармен таныстырса, өз кезегінде Экологиялық ағарту маманы Айдана Батырханова “Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің туристік маршруттарындағы қауіпсіздік ережелері”, “Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері”, “Экологиялық мәдениет” тақырыптарында ақпарат берді.