Қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2024-ші жыл Қазақстанда “Экология жылы” болып жарияланды.
🌏Осы орайда “Парктер шеруі -2024” табиғатты қорғау акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Киелі мекен» ауқымды тазалық акциясы өткізілді.
🌿Акцияға парк басшылығы мен қызметкерлер, аудандық мекеме қызметкерлері,еріктілер қатысты. Акция аясында “Ерен тоғайы” аумағы, жол жиектері қоқыстан тазартылды.
🌱Акцияның мақсаты аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті көтеру арқылы, республикалық деңгейдегі “Таза Қазақстан” акциясына қолдау көрсету, әсем табиғатымыздың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғау.