Skip to content

🔰Аудандық білім беру мекемелерінде “Болашақты бірге отырғызайық!” атты облыстық экологиялық…

🔰Аудандық білім беру мекемелерінде “Болашақты бірге отырғызайық!” атты облыстық экологиялық акция ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу.

🌱Іс-шара барысында оқушылар бозарша тұқымын себу әдістерімен танысып, тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Мамандардың жетекшілігімен тұқым дайындау, топырақты күтіп-баптау және көшет өсіру жолдары түсіндірілді. Оқушылар табиғатпен етене байланыс орнатып, өз қолдарымен көшет отырғызуға белсене қатысты.

Сонымен қатар акция мектеп ауласында ағаш отырғызу жұмыстарымен жалғасын тапты.