”Парктер шеруі – 2024” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында Шонжы ауылы, “Абай атындағы мектеп – гимназиясында” “Табиғатым – тағдырым” тақырыбында семинар өткізілді. Оқушылар экология жайында,табиғаттың тағдыры жайында ой толғап, өз жобаларымен таныстырды. Өз кезегінде ұлттық парк қызметкерлері қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар жайлы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметі жайлы пікірлерімен бөлісті.