”Парктер шеруі – 2024” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында Сүмбе ауылында 60 оқушының қатысуымен “Таза өзенге – таза жағалау” экологиялық акциясы өткізілді. Акция аясында ауыл маңындағы өзен жағалауы тазартылып, мектеп оқушылары табиғат аясында өздерінің табиғат жайлы ой-пікірлерімен бөлісіп, өнерлерін көрсетті. Акция мектеп ауласына көгалдандыру жұмыстарын жүргізумен жалғасын тапты.
Акцияның мақсаты – су ресурстарын тиімді пайдаланып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау арқылы оқушылардың бойындағы экологиялық мәдениет деңгейін көтеру.