🌎 22 мамыр – Халықаралық биоалуантүрлілік күні
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі биоалуантүрлілікті сақтау бағытында табиғи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізу жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ерекше бай. Ұлттық парк аумағында:
🐐 34 түрлі сүтқоректі,
🦎 18 түрлі бауырымен жорғалаушы,
🐸 4 түрлі амфибия,
🦅 246-ға жуық құс түрі мекендейді.
🌿 Сонымен қатар, 915-ке жуық жоғары сатыдағы өсімдік өседі. Оның 50-ден астам түрі сирек кездесетін және эндемикалық өсімдіктер қатарына жатады.
📕 Парк аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың 4 түрі кездеседі: қарақұйрық, сабаншы, Ортаазиялық кәмшат (құндыз) және Түркістан сілеусіні.
Биоалуантүрлілікті сақтау – табиғи мұрамызды ұрпаққа аманаттау!
