🔹Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы Ұйғыр ауданына жұмыс сапары барысында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында болып, парк қызметімен және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
🔹Сапар аясында облыс әкімі жаңа үлгідегі қызметтік кордон нысанымен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған кордонның басты ерекшелігі – оның көпфункционалдығында. Ғимараттың бір бөлігі туристерді қабылдауға және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бейімделген.
Аталған нысан табиғатты қорғау жұмыстарын тиімді ұйымдастырумен қатар, экотуризмді дамытуға және келушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.