🔰Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” көгалдандыру акциясы өткізілді. Бұл шара аясында Шошанай ауылының саябағына 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ауыл тұрғындары мен ақсақалдар, Шарын МҰТП қызметкерлері белсенді түрде қатысып, туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл тек бір реттік шара емес, болашақ ұрпаққа экологиялық мәдениетті дарытудың нақты үлгісі.
🔰Ағаш егу – бұл табиғатқа жасалған ең ізгі істердің бірі. Ол ауаны тазартып қана қоймайды, қоршаған ортаны көркейтіп, адамдардың өмір сүру сапасын арттырады. Сондықтан мұндай акцияларды тұрақты түрде өткізудің маңызы зор.