Ұлттық парк мамандары биоалуантүрлілікті сақтау, табиғат байлығын қорғау және оның маңызын түсіндіру мақсатында бірқатар экологиялық ағартушылық шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, Ардолайты, Сұңқар, Добын, Шошанай және Қырғызсай орта мектептерінде оқушыларға арналған танымдық дәрістер өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі, сондай-ақ олардың табиғаттағы рөлі мен қорғалуы туралы кеңінен ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыруға үлкен үлес қосады.

