Skip to content

“БІР ТАЛ КЕССЕҢ,ОН ТАЛ ЕК” экологиялық акциясы 🌳Шарын мемлекеттік ұлттық…

“БІР ТАЛ КЕССЕҢ,ОН ТАЛ ЕК” экологиялық акциясы

🌳Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында “Парктер шеруі-2026” және “Таза Қазақстан” экологиялық акцияларының аясында табиғатты қорғауға бағытталған “Бір тал кессең – он тал ек” атты ауқымды көгалдандыру акциясы өтті.

🌳Аталған шара – табиғатқа деген жанашырлықтың, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Акция барысында ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп, тұқымбақ аумағына 150 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Әр отырғызылған көшет – болашаққа деген үміт, табиғатқа деген қамқорлықтың белгісі.