Skip to content

🌍Биыл 22-ші наурыз күні елімізде “Жер сағаты” дүниежүзілік акциясы өтеді.

🌍«Жер сағаты» – жаппай ғаламшар бойынша өткізілетін экологиялық акция. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға. Әлемнің көптеген елдерінде 1 сағатқа электр қуаты өшіріледі.

🌍Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. «Жер сағаты» акциясы барысында WWF ғаламшардың болашағына бей-жай қарамау белгісі ретінде жарықты және тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа сөндіруге шақырады. Аталған Халықаралық экологиялық акцияға сыртқы жарықтандыруды, жарнама қалқандарын, билбордтарды, көше жарықтарын өшіру арқылы қолдау көрсетуіңізді сұраймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *