Skip to content

🌱БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ОТЫРҒЫЗАМЫЗ!🌱

”Таза Қазақстан” экологиялық тұжырымдамасының аясында бекітілген “TazaLike” іс-шаралар жол картасына сәйкес, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері Қалжат ауылының оқушыларымен бірге Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай “Болашақты бірге отырғызамыз” көгалдандыру акциясын өткізді.

Акция аясында мектеп және мекеме ауласына 43 дана бозарша, 10 қарағай, 30 дана тал және терек көшеттері отырғызылды.

✨Болашақты бірге отырғызайық!✨

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *