Skip to content

🌱Болашақты бірге отырғызамыз!

✅Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында және “Taza Like” іс-шараларын өткізудің жол картасына сәйкес, мектеп оқушыларымен бірге
”Болашақты бірге отырғызамыз!” көгалдандыру акциясын өткізді.

✅Акция аясында “Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп” ауласына декоративті ағаштардың көшеттері отырғызылды.

✅Наурызнама онкүндігінің “Жаңару күнімен” тұспа-тұс келген бұл шараға ұлттық парк қызметкерлері, аудандық “AMANAT” партиясының төрағасы және мектеп оқушылары белсене қатысты. Акцияға қатысушылар саны – 70 адамды құрады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *