❇️Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілген далалық бақылау жұмыстарының нәтижесінде Тазқара құсының балапаны бар ұясының анықталуы – биологиялық әртүрлілікті зерттеу мен қорғау бағытындағы маңызды жетістік.
🪶Тазқара наурыз-сәуір айларының ортасында бір ғана жұмыртқа салып, орта есеппен 55 күнде басып шығарады.
🦅Тазқара – сұңқар тәрізділер отрядына жататын жыртқыш, ірі, сүйекті құс. Денесінің ұзындығы 1 метрге жетеді, қанатының өлшемі шамамен 85 см, салмағы 7-12 кг.
⛰️Мекендейді :Таулы аймақтар, жартастар мен қиын қолжетімді биік жерлерді мекендейді.
🥩Қоректенуі: Өлексемен қоректенетін тазалаушы құс, табиғаттағы биологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.
🪹Ұя салуы: Әдетте жартастардың қуыстарына, биік жерлерге ұя салады. Ұясы көлемді, бұтақтардан тұрады.
✍🏻Ғылым бөлімі
Мемлекеттік инспектор – А.Ақылбаев.