Ұлттық парк инспекторлары ерекше сәтті кадрға түсірді — ұшуды үйреніп жүрген дала қыранының балапаны. Әлі тәжірибесі аз болғанымен, болашақта көк аспанның нағыз қожайынына айналары сөзсіз.
Дала қыраны – (Aquila nipalensis) — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жойылып бара жатқан жыртқыш құс.
Табиғат аясында жұмыс істеу – бұл тек қызмет емес, бұл — табиғаттағы ерекше сәттердің алғашқы куәгері болу.
Көз алдыңда ұшуға үйреніп жатқан жас қыранды көру – даладағы өмірдің сұлулығын және оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.✨