Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында “Қалжат орта мектебінде” экологиялық дәріс өткізілді.
Сабақтың мақсаты – өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау, табиғатымызды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Мектеп оқушыларына ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоршаған ортаны қорғау мен сақтау жолында атқарып жатқан қызметтері, ұлттық парктің табиғи байлықтары, туристік бағыттары мен жануарлар мен өсімдіктер әлемі жайлы ақпараттар берілді.