Skip to content

Экологиялық білім – тәжірибемен бекітілген оқу. ✔️Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи…

Экологиялық білім – тәжірибемен бекітілген оқу.

✔️Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Өсімдіктер дүниесін қорғау және молайту” бөлімінің маманы оқушылармен практикалық сабақ өткізді.

✔️Бөлім маманы оқушыларға бозарша көшеттерін күтіп-баптау бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізді. Сабақ барысында өткен жылы отырғызылған жас көшеттердің жай-күйі тексеріліп, олардың тамыр жүйесі жақсы жетілгені анықталды.

🪴Оқушылар маманның жетекшілігімен көшеттерді кеңірек ыдыстарға көшіру, топырақ қоспасын дайындау және дұрыс күтім жасау дағдыларын меңгерді. Бұл – табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық тәрбиенің маңызды бөлігі.