Skip to content

Экологиялық серіктестік: Шарын паркі мен мектеп бірлескен сенбілік өткізді

?Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері және Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп әкімшілігі “Taза Қазақстан”, “Парктер шеруі-2025” экологиялық акцияларының аясында мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара барысында аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 84 дана тал көшеті отырғызылды.

?Акцияның негізгі мақсаты — өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті қалыптастыру және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару.

?Мұндай шаралар табиғатты аялау мәдениетін дамытуға және жасыл экожүйені қалпына келтіруге өз үлесін қосады.