”Тәрбие тал бесіктен басталады” – демекші, жас ұрпақтың бойына экологиялық тәрбие мен білім сіңіру мақсатында “Парктер шеруі – 2024” Халықаралық табиғатты қорғау акциясының аясында Шонжы ауылы “Балдәурен” балабақшасында экологиялық тәрбие сағаты өткізілді. Акция бүлдіршіндермен бірге балабақша ауласына көшеттер отырғызып, жасыл желектерге күтім жасау жұмыстарымен жалғасын тапты.