Skip to content

Экотуризмді дамытуға бағытталған ынтымақтастық

🔰“Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі” аясындағы жаңартылған мастер-жоспарды әзірлеу жұмыстары бойынша Алматы және Алматы облысы аумақтарында туризмді дамытуға арналған мастер-жоспарды әзірлеу жобасының кеңесшілері – Хавьер Гонзалес (шетелдік кеңесші)Алмас Байтенов және Айгерім Есеналиева (Қазақстан бойынша кеңесші) Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұмыс сапарымен келді.

🔰Сапар барысында кеңесшілер ұлттық парк мамандарымен бірқатар маңызды бағыттар бойынша пікір алысты. Атап айтқанда:

  • экологиялық туризмді дамыту перспективалары,
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экомаршруттарды ұйымдастыру тәжірибесі,
  • инфрақұрылымды жасыл стандарттарға сәйкес жетілдіру мүмкіндіктері талқыланды.

Шарын шатқалының бірегей табиғи ландшафтын және ұлттық парк аумағындағы басқа да құнды нысандарды аралау барысында тараптар табиғатты қорғау мен туризмді үйлестіре дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Табиғатты сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Туризм саласының дамуы қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Бұл бағыттағы әрбір қадам болашақ ұрпаққа бай, көркем әрі таза табиғатты аман жеткізуге бағытталуы қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *