📷 Фототұзақ объективіндегі құстар әлемі 🐦
Шарын ұлттық паркінің аумағында орнатылған фототұзақтар табиғаттағы құстардың тіршілігін тіркеуде. Камера объективіне бірнеше құс түрлері ілікті:
🕊 Үлкен аққұтан – сирек кездесетін, жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Ұзын мойынды, аппақ қауырсынды ірі құс. Көбіне өзен-көл жағасында кездесіп, балық және ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді.
🪿 Сарыала қаз –су құсы (үйректер тұқымдасына жатады). Оның түсі ерекше: қызғылт-сары-қоңыр қауырсынды, басы ашық түсті. Ақ қанаттарының ұшында қара ұшқыр қауырсындары болады. Дала мен су айдындарының маңында тіршілік етіп, топтанып ұшумен ерекшеленеді.
🦆 Барылдауық үйрек – Қазақстанда кең таралған жабайы үйрек. Дауысының ерекше «барылдау» дыбысымен танымал.
🦆 Бізқұйрық үйрек – ұзын әрі үшкір құйрығымен ерекшеленетін сымбатты үйрек түрі. Көбіне ашық су айдындарында кездеседі.