Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан Сартоғай аумағында фототұзақтар жабайы қабан мен елікті түсіріп алды.Жануарлардың фототұзаққа ілігуі бұл аймақтың табиғатының байлығы мен алуан түрлілігін растайды.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның табиғатты қорғау аумақтары арасында ерекше орын алады.Фототұзақтарды қолдану арқылы тұрақты мониторинг жүргізу жануарлар әлемінің өкілдерін анықтауға,экожүйенің жағдайын бағалауға және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.