Фототұзақтар жануарлардың табиғи тіршілігін бұзбай бақылауға, олардың таралу аумағын, санын және мінез-құлқын зерттеуге көмектеседі. 🌿
📸 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енген қарақұйрықтардың жасанды суат басына келіп, шөлдерін қандырған сәті тіркелді!🦌