2025 жылдың 8 қазанында «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде маңызды ғылыми іссапар өткізілді. Парк аумағында өсімдіктер биотехнологиясы саласының жетекші ғалымдары – биология ғылымдарының докторы А.А. Қакимжанова және PhD докторант С.С. Исламова ұлттық парктің ғылым бөлімінің мамандарымен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл сапар ұлттық маңызы бар “Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету” жобасы аясында ұйымдастырылып, мақсат – Қазақстанның табиғи флорасын зерттеу арқылы отандық өсімдік ресурстарын сақтау және болашақ ұрпақ үшін қорғау.




