Азиядағы ең ауқымды туристік шара – ITB Asia 2025 халықаралық көрмесіне Алматы облысынан Шарын ұлттық паркі мен Көлсай көлдері ұлттық паркінің өкілдері қатысуда.
Бұл беделді көрме әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған туризм саласының мамандарын, ұлттық парктерді, экологиялық ұйымдар мен халықаралық туристік компанияларды біріктіретін маңызды алаң.
Көрмеге қатысудағы негізгі мақсат:
✅ Қазақстанның экотуристік әлеуетін таныстыру
✅ Шетелдік серіктестермен байланыс орнату
✅ Экотуризмді дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді зерттеу
✅ Ұлттық табиғи мұрамызды халықаралық деңгейде насихаттау
🌿 Шарын шатқалы мен Көлсай – Қазақстанның табиғи байлығы ғана емес, әлемге танытуды қажет ететін ерекше экологиялық бренд.
Халықаралық көрмеге қатысу – еліміздің туристік имиджін нығайтуға арналған маңызды қадам!