Skip to content

“Қалдықсыз ғалам”: Сүмбеде экологиялық көрме өтті

✅”Таза Қазақстан” экологиялық акциясының аясында Сүмбе ауылы, “Сүмбе орта мектебінде” “Қалдықсыз ғалам” атты шығармашылық көрме өткізілді.

✅Мектеп оқушылары ағаш, пластик, әйнек сияқты тұрмыстық қалдықтарды қолданып, көрме ұйымдастырды.

✅Акцияның мақсаты – қалдықтарды кәдеге жарату арқылы оқушыларды еңбекке баулу, қалдықтардың көлемін азайту, оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға баулу, оқушылардың бойындағы экологиялық сана мен мәдениет деңгейін көтеру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *