Skip to content

«Киелі мекен» тазалық акциясы

Қоршаған ортаны қорғау мақсатында 2024-ші жыл Қазақстанда “Экология жылы” болып жарияланды.

?Осы орайда “Парктер шеруі -2024” табиғатты қорғау акциясының аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Киелі мекен» ауқымды тазалық акциясы өткізілді.

?Акцияға парк басшылығы мен қызметкерлер, аудандық мекеме қызметкерлері,еріктілер қатысты. Акция аясында “Ерен тоғайы” аумағы, жол жиектері қоқыстан тазартылды.

?Акцияның мақсаты аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті көтеру арқылы, республикалық деңгейдегі “Таза Қазақстан” акциясына қолдау көрсету, әсем табиғатымыздың тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғау.