Көктемнің келуімен ұлттық парк аумағында табиғат қайта жанданып, өсімдік жамылғысы ерекше құлпыра түсті. Аумақ сан алуан гүлдерге оранып, табиғи ландшафттың көркемдігі айқын байқалуда.
Шарын ұлттық паркі – флоралық әртүрлілігі жоғары ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мұнда 915-ке жуық жоғары сатыдағы өсімдіктер түрі тіркелген.
Осы орайда, келушілерді табиғатты қорғау талаптарын сақтауға, өсімдіктерді жұлмауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз!











