🦩1 сәуір — Халықаралық құстар күні. (International Bird Day)Бұл күн құстарды қорғау мен олардың биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелеріне назар аударуға арналған. Осы мерекеде көптеген табиғат қорғау мекемелері мен экологиялық ұйымдар құстарды қорғауға арналған іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырады.
🕊️Құстардың экосистемадағы маңызды рөлі мен олардың әртүрлілігі туралы қоғамды ақпараттандыру, табиғатты қорғау мәселесіне назар аудару мақсатында түрлі ақпараттық және білім беру шаралары өткізіледі.
Осы орайда Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері “Тасқарасу орта мектебінде” “Құстар біздің досымыз” атты акция өткізіп, мектеп оқушыларымен бірлесе құстарға ұялар жасап орнатты.
✨Қанатты достарымызға қамқор болайық!✨