ҚҰСТАРҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ
🌍Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында “Парктер шеруі – 2026” және “Таза Қазақстан” экологиялық акциялары аясында “Құстарға қамқор болайық!” табиғатты қорғау акциясы жалғасуда.
🕊️ Акция шеңберінде ұлттық парк қызметкерлері құстардың ұялау жағдайын жақсарту мақсатында ағаштарға 15 дана жасанды ұя орнатып, қанатты достарға қолайлы орта қалыптастыруға үлес қосты.