Skip to content

🌱Мектеп орманшылығының мүшелері табиғатты сақтау және көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты.

Жас орманшылар уақытша орман тұқымбағына терек қалемшелерін отырғызды.

Терек ағашы – тез өсетін, табиғатта жел, шаң және құрғақшылықпен күресуге көмектесетін маңызды ағаш түрі. Бұл ағашты күтіп-баптау жұмыстары жайлы ұлттық парктің Өсімдіктер дүниесін қорғау және молайту бөлімінің басшысы С.Екебаев оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушылары табиғатпен тікелей жұмыс істеу арқылы оның маңызын жақсы түсінеді. “Парктер шеруі” табиғатты қорғау акциясының аясында жүргізіліп жатқан мұндай шаралар жастарды табиғатты сүюге, қорғауға және оны қалпына келтіруге үйретеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *